Техникалық шарттардың берілу тәртібі

1 сәуірден бастап жеке меншік үй иелерінің қалалық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттар беру жаңартылды.

Жекеменшік үйдің су құбырына немесе кәрізге қосылуға техникалық шарттарды алу үшін учаскенің иесіне «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-на  белгіленген нысан бойынша өтінішпен жүгіну қажет. Бұл ретте ЖТҚ аудандарындағы  учаскелердің иелеріне қаланың бас жоспарынан (картасының фрагменті)  көшірмені ұсыну қажет, онда жер учаскесінің орналасуы көрсетіледі. Пайдаланушы ұйымның өкілі инженерлік желілеріне қосылу сызбасын жасайды және қажетті келісім алу үшін өтініш берушіге береді. Келісім не үшін керек?  Көптеген инженерлік коммуникациялар, атап айтқанда, электр кабельдері, байланыс кабельдері, жылу құбыр жолдары, жер астында төселген. Су құбыры немесе кәріз бойынша жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде бұл коммуникациялар бұзылуы мүмкін, ол қала тұрғындарын қажетті қызметтермен қамтамасыз етудің бұзылуына әкеледі. Инженерлік коммуникациялардың бұзылуы едәуір мөлшерде айыппұл санкцияларына әкеп соғады.

Қажетті келісуді алғаннан кейін, өтініш беруші «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен  жер жұмыстарын (Ордер) жүргізуге жазбаша рұқсат қағазын алуға тиіс, ресімделгеннен кейін құбыр жүргізу құрылысы бойынша  жер жұмыстарын жүргізе алады.  

Құбырдың құрылысы өтініш берушінің өз қаражаты есебінен, өз күшімен немесе жұмыстардың аталған түрін жүргізуге тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйымды тарта отырып жүзеге асырылады. Құбыр құрылысының аяқталуы су пайдаланушының меншігі болып табылады және оның өз күшімен қызмет көрсетіледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы бойынша, өтініш беруші "Су құбырына" су тұтынудың есепке алу құралын пломбылауға жазбаша түрде өтінішімен жүгіну керек. Кәсіпорынның инженерлік қызмет өкілі өтініш берушінің мекен-жайына салынған су құбырының (кәріз) техникалық тексеруі үшін барады. Содан кейін есепке алу аспабын пломбылау жүргізіледі және сумен жабдықтау және су бұрудың қызмет көрсетуіне Келісім-шарт жасалады.

Өтініш беруші техникалық шарт талаптарын орындамаған жағдайда, оған мерзімін көрсете отырып ескертулерді жою туралы нұсқама беріледі. Қайта техникалық тексеру өткізіледі және т. б.

Жұмыстарды жүргізу мерзімін ұзарту жағдайда «Жетісу Су құбырының» жазбаша келісу хатын алу қажет, барлық өзгерістер (техникалық шарттарды қолданудың мерзімін ұзартуға арналған).

 

Сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету Шартын жасасу үшін мынадай құжаттар қажет:

Аббаттандырылған сектор бойынша:

  • Қалалық су құбыры желісіне қосылуға техникалық шарттары,
  • Меншік иесінің жеке куәлігі
  • Меншік иесі немесе сатып алу сату туралы мәліметі
  • Жер телімінің жоспары немесе Мемактісі
  • Үй кітапшасы (отбасының құрамасы) немесе ХҚКО-нан алынған анықтама

 

Жеке меншік секторы бойынша:

  • Қалалық су құбыры желісіне қосылуға техникалық шарттары
  • Меншік иесінің жеке куәлігі
  • Меншік иесі немесе сатып алу сату туралы мәліметі
  • Жер телімінің жоспары немесе Мемактісі
  • Үй кітапшасы (отбасының құрамасы) немесе ХҚКО-нан алынған анықтама