Орталықтандырылған су құбыры және кәрізге қалай қосылуға болады?

 

Қазақстан Республикасының 16 шілде 2001 жылғы №242–II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына (29.12.2015 жылғы  өзгертулер және толықтыруларымен) және 31.03.2015 жылғы №293  Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген  қолданыстағы объектілерді өзгертуге және жаңа  құрылысқа рұқсатты үдерістерінің  өтуі, сондай-ақ  жобалау үшін бастапқы материалдарды беру және ресімдеу ережелерінің талаптарына сәйкес, сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылуға техникалық шарт алу үшін Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, 99 а мекен-жайындағы «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-на жүгіну керек.

Техникалық шарт алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. 01-02-2009 СНжЕ; 4.01-41-2006 СНжЕ талаптарына сәйкес

орындалған су тұтұнуға, өрт сөндіруге және су бұруға талап етілген шығындардың көрсетілуімен есептер (ЖТҚ үшін қажет емес).

  1. Жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік көшірмесі, заңды тұлғалар үшін -

бизнес-сәскестендіу нөмірінің (БСН) көшірмесі.

  1. Құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі (жер учаскесіне жеке

меншік құқығына акті, оның берілу негізі – әкімшілік қаулысы, сатып алу –сату келісім-шарты, сыйға тарту келісім-шарты және т.б.);

  1. Жер учаскесінің көрсетілетін актілеріне сәйкес Талдықорған

қаласындағы ( қажет болған жағдайда) «Сәулет және қала құрылысы бөлімі»  ММ расталған техникалық шарттарды сұрау кезінде қалыптасқан жағдай нысанның және коммуникацияны айқындайтын жер учаскесінің шекарасын көрсете отыратын ситуациялық схемасы. Техникалық шарттар тегін беріледі. Техникалық шарттар құрылыс салудың нормативтік мерзімі, белгілі бір СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) беріледі.

 

Техникалық шартты алу мерзімі:

29 желтоқсан 2014 жылғы №175 Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген табиғи монополия саласындағы  реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну ережесіне сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Су құбыры»  қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 5 күнтізбелік күн ішінде сумен жабдықтау және су бұру желісіне кіру рұқсаты және құрылыстары өнімділігінің қоры жеткілікті болған кезде сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілірін дамытуға, және нысандардың қосылуына арналған техникалық шарт береді.  Нысанды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосу үшін,  16 шілде 2001 жылғы № 242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (29.12.2015 жылғы жай-күй бойынша өзгертулер және толықтыруларымен.) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және  «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру Ережесінің» 100 тармағына сәйкес жүргізіледі.

Техникалық шарттары алғаннан кейін:

Жобаны орындау керек және оны белгіленген тәртіппен келісімдеу қажет;

Құрылыс бойынша монтаж жұмыстарын жүргізу және салынған желінің орындаушылық түсірілімін «Жетісу су Құбыры» ҚМКК ұсыну;

Судың бактериологиялық талдауының теріс нәтижесімен бірге, желілер мен құрылыстарды жуу және дезинфекциялау жүргізуді ұсыну туралы акті ұсыну;

28 сәуір 2012 жылғы №167 құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының  бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі коммерциялық есептеу құралдарын таңдау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқауларына» сәйкес есепке алу құралын орнату;

Сарқынды суларды сумен жабдықтау және су бұрудың көрсетілетін қызметіне келісім-шарт жасасу.

«Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру Ережесінің»  94 тармағына сәйкес техникалық щарт алу кезінде бас тарту үшін негізігісі мыналар болып табылады:

  1. Су құбыры және кәріз желілерінің, сондай-ақ нысан орналасқан ауданда жұмыс істеп тұрған қуаттарының болмауы;
  2. Құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы.

 

Келісім- шарт жасау үшін құжаттар толтыру нысанын қайдан алуға болады?

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК ресми сайтында Холдинг тұтыну үшін бөлімінде.

Сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелеріне нысандарды қосуды жүргізу бойынша  қызметтер туралы ақпараттарды алу үшін мына  мекен-жай бойынша жүгіну керек: Гаухар ана көшесі, 99а, тел. 8 (7282) 24-72-29 ішкі 3-51.