Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну Қағидаларынан Үзінді көшірме

19 қаңтар 2012 жылғы №107 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бектілген.

 

  1. Жалпы ережелер

 

 Осы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) тарату, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) тарату және электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар, порттар мен аэронавигация, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - қызметтер) көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарын айқындайды.

  1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды.

  1. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

 

6) есепке алу аспабы - реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемін есепке алуға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

11) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

13) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу - табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларының табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) басқа тұтынушыларға осындай қызметтер ұсынылатын жағдайлардан кем болмайтын қолайлы жағдайда пайдалану мүмкіндігі;

14) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерге, (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу мақсатында объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға

15) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

20) техникалық шарттар - реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;

21) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу үшін техникалық шарттар беретін табиғи монополия субъектісі;

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

  1. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды.
  2. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арызын) мәлімделген көлемдерге не қызметтер тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең шарттармен қабылдайды.
  3. Тұтынушының өтініші (өтінімі, арызы) құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімде табиғи монополиялар субъектісі тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынылатыны не реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынудан бас тартылғаны туралы жауапты дәлелді қорытындыны қоса бере отырып жібереді.

Реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең кіру мақсатында нысандардың Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарт алуға Тұтынушының жазбаша өтініші (өтінімі, арызы) осы Ережемен қарастырылған тәртіпте қарастырылады.

 

Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желісіне

қосылуға техникалық шарттың берілуі

 

77-4. Сумен жабдықтау және/немесе су бұруға техникалық шарт алуға жүгінуде (өтінім, арыз) көрсетіледі:

1) тұтынушының атауы мен деректемелері, өндірістік қызметіне сипаттама;

2) техникалық шарттарды алуға (қажет болған жағдайда) тұтынушымен уәкілеттелген тұлға туралы мәліметтер;

3) сумен тұтыну және су бұру бойыншашығыстық мәліметтер;

4) бастапқы деректер бойынша, су тұтынушы және су бұру (тәулігіне текше метр м3/тәулік, сағатына текше метр  м3/сағ, секундына барынша литр макс.л/с) су пайдалану түрлері бойынша таратып жазылатын жобаланатын нысанның, соның ішінде өрт сөндіру қажеттіліктеріне (секундына литр л/с);

5) Сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметін өндірістік тұтыну кезінде сумен жабдықтау және су бұру қызметі тұтынатын өтінім көлемін негіздеу көлемі материалдары;

6) Тұтынушының өндірістік сарқынды суларды тазарту үшін (істеп тұрған нысандар үшін) локальді тазарту құрылыстарына мінездеме;

7) Сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметін өндірістік тұтыну кезінде елді мекендегі су бұру жүйесіне жатқызылатын сарқынды сулардың мінездемесін, мына мәлеметтер бойынша:

өндірістік сарқынды сулар шығыны олардың түрлері бойынша істеп тұрған жағдайы мен перспективасына;

істеп тұрған жағдайы мен перспективасы кезіндегі тұрмыстық сарқынды сулардың шығыны;

істеп тұрған жағдайы мен перспективасы кезіндегі жеке көрсеткіштер бойынша (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың құрамы (талдау);

шығу кезіндегі тұрмыстық сарқынды сулардың шығынымен;

8) Қосылатын нысандарға мінездеме (тағайындау, ғимараттың биіктігі және қабаты, суб тұтынушылардың тізімі).

 

77-5. Сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйесіне қосылуға техникалық шарт алу үшін жүгінуімен (өтінімімен, арызымен) Тұтынушы Өнім берушіге жаңа құрылыс үшін жер учаскесін (учаскені пайдалануға келісім) ұсыну туралы жергілікті атқарушы органның шешімін немесе істеп тұрған нысандарды (құрылым, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) өзгертуге жергілікті атқарушы органның шешімін, сондай-ақ жаболаушы нысанның дислокациясын көрсетумен елді мекендегі генжоспардан көшірмесін ұсыну қажет.