Су құбырындағы жаңалықтар

Бүгінгі таңда, жаңа технология жабдықтары бірте-бірте барлық өмір сүру салалары мен адам қызметіне енгізілуде, соның арқасында еңбек өнімділігінің тиімділігі, адамдардың қолайлы өмір сүру жағдайы жақсаруда. Осындай жабдықтарды енгізу жөніндегі жоспарлы жұмыс «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-да да жүргізіледі. Мәселен, бұндағы соңғы жаңалық кәріз тазарту құрылыстарын автоматтандыру мен диспетчерлендірудің кешенді жүйесін орнату болды. Осы кәсіпорынның тазарту құрылыстарының басшысы Квон Алла Александровна түсіндіргендей, кешенді автоматтандыру жүйесі келесіні іске асыруға мүмкіндік береді:

- біріншіден, оттегі беретін ауа үрлегіште қозғалтқыштардың жұмысын басқаратын жиі түрлендіргіштерімен бірге пардағы люминесценттік датчиктерінің жұмысын  оттегі жүзеге асыратын аэротенколардың оңтайлы оттекті режимін ұстауы. Осы енгізілудің арқасында электр энергиясын үнемдеу бүгінгі таңда 30% -ды құрайды;

- екіншіден, тазарту құрылыстарының  кіру және шығу жеріндегі  сарқынды судың автоматты химиялық бақылануы мынадай көрсеткіштер бойынша: өлшенген заттар, аммонийлік азот, нитраттар, фосфаттар, температура, аэротенкадағы РН деңгейі – оттегі мөлшері және  тұнба мөлшері;

- үшіншіден, құм ұстағыш, бірінші және екінші  тұндырғыштардағы тұнба деңгейін визуалды бақылау;

Барлық бұл ақпараттар: тазарту туралы, тұнба деңгейі, сорғылардың жұмысы, ағызылатын сулардың саны туралы, диспетчерлікте орнатылған оператордың мониторына нақты уақыт режимінде түседі. Егер бұрын сарқынды сулардың сынамасын тәулігіне бір рет алуға тура келсе, және  талдау жүргізу үрдісі көп еңбекті болса, ал бүгінгі таңда барлық қажетті ақпарат әрбір жарты сағат сайын келіп түседі. Өткен күндердегі деректер автоматты түрде сақталады, қажет болған жағдайда қайта оралуға мүмкіндік береді. Бұның барлығы, құрылыс жұмыстарын сараптамалау және  оңтайландыру, тазарту үрдісін талдау бойынша  жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бір сөзбен айтқанда, тазарту құрылыстарының  кешенді автоматтандыру және диспетчерлеу жүйесі, құрылыстардың авариясыз жұмыстарын  қамтамасыз ету міндеттерін  шешу және тазартудың оңтайлы технологияларын  ұстап тұру үшін арналған. Кәсіпорынның учаскесіндегі барлық жұмыстар «Сименс Қазақстан» компаниясымен жүргізілді, құрал–жабдықтардың өндірісі Германия. Мұндай автоматтандыру алғаш рет Қазақстанда және ТМД елдерінде шағын қуатты құрылыстарында енгізілгенін атап өту қажет. Бізде бұл Талдықорған қаласының әкімі Ермек Амантайұлының қолдауымен республикалық бюджеттен қаржыландыру арқасында мүмкін болды. Болашақта кәсіпорынмен ластанудың барлық көрсеткіштер бойынша автоматты химиялық бақылау,  автоматтандыру және диспетчерлендіру кешенін өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауыз су сапасын бақылау бойынша зертхана мамандары «Флюорат», капиллярлық электрофорез жүйесі «Капель»,  аниондар, катиондар, ауыр металдар, мұнай өнімдері және т. б. судың көрсеткіштері, жоғары және сарқынды сулар тобын анықтау үшін «МГА-915 МД» сияқты, Астана қаласының «Астана Су Арнасы» МКК сорғы-сүзгі стансасы базасында 23 қазан 2014 жылы өткен «Экологиялық бақылаудағы Люмэкс компаниялар Тобының өндіріс аспаптарын  пайдалану тәжірибесі» ғылыми-практикалық семинарына қатысты.