Су - тіршілік негізі

 

         «Әр мемлекеттің ең басты құндылығы – оның халқы. Сондықтан халық денсаулығы үнемі мемлекеттің бірінші кезекті қамқорлығында болуы тиіс. Дені сау ұлт қана ұлы қимылдар мен лайықты істерге қабілетті. Біздің мемлекеттің қауіпсізідігіне байланысты шын мәніндегі стратегиялық міндетті шешуде   тұрғындарды сумен жабдықтау  ерекше орын алады, себебі халық денсаулығы  тұтынатын судың сапасына байланысты. Осыған байланысты тұрғындарды ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету мәселелерін шешу барлығы үшін маңызды және алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып қалуда.»

Н.Назарбаев

 

         Орталықтандырылған су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлерде суды үнемдеу орындылығы дау тудырмайтын мәселе. Бұл жағдайда біз тек табиғи су қорын ғана емес, сондай-ақ өз қалтамыздан төленетін қаржыны да үнемдейміз. Дербес ұңғымамен жабдықталған қала сыртындағы коттедж иелері суды шығаруға жұмсалған электр қуаты үшін ғана төлейді, алайда олар да табиғи қорды үнемді пайдаланамын деген түсінікпен суды үнемдеулері тиіс.

         Біз –барлық Талдықорғандықтар үшін суға келгенде жолымыз болған, себебі басқа қалалардың тұрғындарына қарағанда суға біз аса зәру болып отырған жоқпыз. Бізге осындай мүмкіндік беріліп тұрғындықтан, біз өз бақытымызды түсініп, үнемді болуымыз шарт.

         Біз ерте ме кеш пе суды үнемдеуге тиіспіз. Егер біз бүгіннен бастап суды үнемдесек, су берудегі кідірістердердің болу мүмкіндігін біз кейінге қарай шегереміз. Душқа күнара түсу немесе ауыз суды тұтыну мөлшерін қысқарту туралы сөз болып отырған жоқ, тек кранды жабуға еріну, судың  бостан-босқа ағып, тікелей кәрізге төгілуі сияқты суды артық ысырап ету туралы сөз болып отыр.

         Балалар да суға ата-аналары сияқты көзқараспен қарайды. Егер анасы балаларына суды өте қажет болған кезде ғана қосуды үйретсе, балалары бұны үнемі есте сақтайды.

         Егер біз барлығымыз  бүгінгі таңда суды үнемді жұмсасақ, ертеңгі күні оның сапасы жақсарады, ал бұл өз денсаулығымызды күту деген сөз.