#сайлау 2022 #выборы 2022

https://cloud.mail.ru/public/DxJu/mgdGMRmnN

 

Бизнесті қорғау

 

   Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін ерекше бақылауға алды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау мақсатында Іле ауданы прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының қызметкерлері және Іле ауданының кәсепкерлер палатасы филиалының басшылығының құрамынан мобильді топ құрылды (тел. 87757558885, 87026756667).

    Прокуратура органдарының жұмысы бизнес үшін жағымсыз салдар туындағанға дейін мемлекеттік органдардың өлшеусіз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталуда.

    Мәселен ағымдағы жылы Іле ауданы прокуратурасының талдау жұмыстарының нәтижесінде салық органдарымен 304 кәсіпкердің банктік есеп шоттарына заңсыз шектеулер қойылғандығы анықталды.

  Прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде заңсыз қойылған шектеулердің күші жойылып, лауазымды тұлғалар жауапкершіллікке тартылды.

 

 

Іле ауданының прокуратурасы